Өлеңдер ✍️
МАҢҒЫСТАУ — МАЛДЫҢ АНАСЫ
Өркендетіп өсірген
Маңғыстау – малдың анасы,
Қыстыгүні таулардың
Малға күшті панасы,
Жүз түрлі дәрі шөп өскен
Түрлі-түрлі саласы,
Шүйгін шөбі құлпырған,
Байлығы қайнап тасыған,
Азаймайтын асылан
Каспийдің жақын жағасы,
Жаз жайлауға кең өріс
Бозашы, Үстірт даласы,
Төлдегенде төрт түлік
Ұлан-байтақ шеті жоқ
Сыймай жүр жерге қарасы,
Малды баптап өсірген
Енбеккер елдің баласы.
Социалистік жарыста
Бүкіл Қазақстаннан
Оза шауып атақты
Алты ту алған ауданмын.
Біздерменен байлыққа
Ешкімнің болмас таласы.
Бұл Маңғыстау ауданда
«Еңбек» пенен «Правда»
Озат колхоз атанған,
Мамандары өсіріп
Малды жақсы бағулы,
Колхозшысы қажымай
Мал азығын шабулы,
Екі мыңнан, үш мыңнан
Еңбеккүнді табулы,
«Кыс келед, – деп, – қырыннан»
Әзірлік жасап бұрыннан
Қоралары салулы,
Төбесі тегіс жабулы.
Алға басып жұмысы
Күннен-күнге дамулы.
Табыстан жетіп табысқа
Озып шығып жарыста
Облыс пенен ауданнан
Қызыл Туды алулы.
1963жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter