Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
334
САЛТАНАТҚА
Салтанат десе Салтанат
Аяқты басып шалқалап
Бойлы, сойлы көрнекті
Ауызыңнан бал тамад.
Салтанат сахи деген соң,
Бір–екі шалды ертіп ап,
Рас еді барғаным
Қызыл күрең шайымен
Қолдан келген жайымен
Тортасынан айырған
«Маслопром» майымен
Қонақ етіп сыйлады.
Қарындас екен көргенді
Аз отырып барладым
Баяғы күнім болса егер
Іліп түсер еді–ау қармағым.
Алпыс төрт деген жас құрығыр,
Салып отыр салмағын.
Түйені айта береді
Шал–шауқандар жан–жағым.
Өлеңге ғана күшім бар,
Шауып қалған тарланың?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter