Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
132
ҚАШТЫ-ҚУДЫ ӨЛЕҢ СӨЗ...
Қашты-қуды өлең сөз,
Кеудеме сыймай қайнайды.
Тыңдаған халқым мәз болып,
Өңдері күліп жайнайды.
Ақынға қыдыр дарыса
Бұлбұл құстай сайрайды.
Жерге қыдыр дарыса
Көк шалғынсыз болмайды.
Көлге қыдыр дарыса
Шабағы шоршып ойнайды.
Жігітке қыдыр дарыса
Жаксылыққа тоймайды.
Түбі тесік, аузы ашық
Жетпістегі бұл шалың
Жағы түсіп қалғанша
Өлең-жырды қоймайды.
1953 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter