Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
183
ҚҰДІРЕТІ КҮШТІ КЕҢ АЛЛА
Құдіреті күшті кең Алла
Тілегімді бер Алла
Қапталы жауыр нар болдым
Бір жұтым суға зар болдым
Төсекте тұтқын сал болдым
Жарығым жатыр таусылмай
Тек әйтеуір бар болдым.
Кеп-кеше шауып жүр едім
Уайымнан құр едім
Ал бүгінде езіліп
Қысылып жатыр жүрегім.
Көп ұзамаспын – білемін
Сапарым бітіп келеді
Оқырсың иман біреуің
Сол сендерден тілегім.
Жетпістен асқан жасым бар
Тәркіге түскен басым бар.
Мұсылман болса таңдамай
Молдасы да болғанмын,
Жорғасы да болғанмын.
Өзім деген адамның
Жолдасы да болғанмын.
Шалыңыздың күші жоқ.
Қанатын қомдар кұсы жоқ.
Көз ілінсе бірауық
Тәуіршілік түсі жоқ.
Кұдайдың салған ісіне
Қанағат қылып тойымға
Әр нәрседен ойым бар
Тыныштық берің аз ғана
Ахиреттік адаммын
Өлген күні – тілегім
Итолыға қойыңдар.
1957 ж ы л .
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter