Өлеңдер ✍️
ТОЛҒАУ
Ортасында көп болдым,
Астана байтақ халқымның.
Мереке-сауық тойлаған,
Көп жиналған алқаның.
Аға мен жеңге, інінің,
Алдында талай шалқыдым.
Көрмеген жерді көрсем деп,
Қанатты жазып талпындым.
Ұйымдасып біріккен,
Талайын көрдім шаршының.
Сіздерге айтып берейін,
Шығарған сөздің алтынын.
Ауыр болса қиналмаң.
Алып тастаң артығын.
Атағына ел риза,
Біздің шалдың атының
Кейбіреуге «айт» десең,
Босқа берер мақтанып,
Кептіреді алқымын.
Кейбіреуге «айт» десең,
Орынсыз өзін бұлдайды
Көп қолқалап қалайық,
Жақтырмайды ондайды
Қай бағытта жүргенін
Сыртынан бағып сындайды
Жорға деген жүйріктің,
Жақсының айтқан сөздерін
Сүйсініп халқы тыңдайды.
Көп қорғалап шет болма
Білетін болсаң ыңғайды.
Тәуір етіп сөз айтсаң
Шыкқаныңша құмардан
Тыңдаудан халық тынбайды.
Жақсыға жастан ергеннен,
Өнерін көпке бергеннен
Қуана қарсы алады,
Ортасында келгеннен
Өкпелейді ағайын,
Өтіп кетсең деңгейден.
Шаршамайды шалдығып,
Көпті билеп меңгерген.
Алғыс алған азбайды.
Халқына барын бсргеннен.
Қарғыс алған жігіттің
Болады жолы сергелдең.
Азамат болар жігіттің
Етек-жеңі кең келген.
Тайпалған жүйрік жорғаның,
Төрт аяғы тең келген.
Қошқар болар қозының,
Маңдай жағы дөң келген.
Маңғыстаудың елінің,
Ұлан-байтақ жерінің
Халқына сыйлы атанған,
Бабалардан бата алған
Түмен деген біз едік,
Өлең-жырды меңгерген...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter