Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  120


Автор: Түмен Балтабасұлы

САҒЫНЫШ

Түмен 1943 жылдың күзге салым уақытында Сартастың күншығыс жағындағы «Орта төбе» деген өңірдің маңындағы «Көкбұлақ» деген жерден жастарды басқарып, сиыр қора салдырады. Сонда жұмыс жасап жүрген қыз балалар атынан мынау өлеңді шығарып, үйреткен ексн:
Талқан ғып қара таудың қара тасын,
Сарғайды күнге күйіп қара шашым.
Майданға кеткен алыс ағаларым,
 Аман-сау жүрсе болды, жарасасың.
Ел көшсе мініп алам көкшемізге,
Жүреді қара қайық көк теңізде.
Майданға кеткен аға еске түссе,
Болады оқ тигендей өкпемізге.
«Аманмын» деген жалғыз хатыңыз бар,
«Әдіріс» – аяғында атыңыз бар.
Поштамен «посылка» етіп жіберейін,
Сұрайтын елден қандай затыңыз бар?
1 9 4 3 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу