26.07.2022
  401


Автор: Сержан Шакрат

АҚЫНДЫҚТЫ СЫНАУ

Мәтекеңнің бір ағайын жігіті оған өзінше сыр ашып:
- Маған ақындық қасиет қонып жүр. Кеудем толып барады, соны шығармасам, болатын емес, - дейді.
- Рас па?
- Рас, Мәтеке, көкірегімді кернеп тұр.
- Ойпыр, ә? Онда, шырағым, әуелі өзіміз көріп алайық. Сен бір малыңды сойып, дайындал. Мен үш-төрт шал ертіп келіп, сені тыңдармыз, сосын бата берерміз, - депті Мәтжан.
Келіп жиналғаннан кейін Мәтекең: мына інімізге ақындық қонып жүр екен, соны тыңдайық, ал баста! – дейді.
Ол домбырасын алып, біраз отырып, тым-тырыс күтіп отырғандарға: «Уа, тым-тырыстан тым-тырыс. Бұл не деген тым- тырыс! Жым-жырттан жым-жырт. Бұл не деген жым-жырт! Өйдәй, өйдәй-ау, өйдәй, өйдәй-ау!» - депті.
Жұрт шулап, күліп жіберген. Сонда әлгі тағы жалғастырып: «Уа, улаған да шулаған, бұл не деген шулаған! Өйдәй, өйдәй-ау!» - деген.
Мәтжан:
- Шырағым, маған бере тұршы, - деп домбырасын сұрап алған да, онымен қақ басына бір ұрыпты. – бар, жоқ бол! Біз осы үйден кеткенше көрінуші болма! – деп қуып жіберіпті.
Пай, шіркін, осы күнгі кейбір ақындарға да сондай Мәтжан керек-
ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу