26.07.2022
  336


Автор: Сержан Шакрат

КҮЗЕН ИІСТІ, ҚИСЫҚ КӨЗ

Қашаған Түзел деген байдың үйінде болып, жырлағаннан кейін оған бай бір қозы атапты. Ертесіне сол қозыны ала кетейін деп келсе, бермеген. Тіпті қозы бермек түгілі, балалары ақынның қамшысын ұрлап қалыпты. Сонда ел аузында мынадай шумақ тараған:


Орынбайдың бай Түзел Бір қозы ал деп арнады.


Алайын деп келгенде, Бермей кетіп алдады.


Күзен иісті, қисық көз Сотанақ екен балдары.


Ұрлап алып қамшымды, Сол қорлық естен қалмады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу