Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  77


Автор: Серікбай Бердияров

Көзделінген нысана тұсын баққылап...

Көзделінген нысана тұсын баққылап,
Аз көп жүріп биліктен аға тапты бақ.
Қалай жеткенін құдайдың өзі біледі,
Жорығанымыз дұрыстау болар жақсыға.
Содан бері де құлағы бітеу боп алды,
Адами байлам түп нұсқасымен жоғалды.
Кеңседе, үйде сөйлесу қиын соққандай,
Жауаптасуға баратын болдық қобалжып.
Құдай бермеген арғы жағында жарымды,
Етемін деген құры әурешілік қарымды.
Өмір бойына ойына тіреу болмайсың
Шашқаныңменен оңды да солды малыңды.
Адалдығыңды тіліңе тиек етумен,
Қоғамдық жайды игеру керек бетіңмен.
Тарихта қалған оқып отырсаң тұлғалар,
Еңбегіменен біліміменен жетілген.
Жарамсақтықпен ілгерілеген көрмедім,
Ертең біледі мысық тышқанның ермегін.
Қай заманныңда түлкішектері жетеді,
Іскер адамның өзгеше болмақ өрнегі.
Қытымыр қыстай беті әлпеті бозарған,
Сырғымаларды жазуға келдім азардан.
Бағыт бағдарда жүргеніменен өз арбаң,
Болмайды екен жаның түгелге тазармай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу