Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  87


Автор: Серікбай Бердияров

Туысқа барсам жаныма жалау болар деп...

Туысқа барсам жаныма жалау болар деп,
Қойын қонышым ақыл кеңеске толар деп,
Үкілі үміт біртіндеп солғын тартады.
Аман болсын де тіршілігінде олар тек.
Жатқа да бардым алдағы мақсат оңар деп,
Еңбек етілсе, басыма бақыт қонар деп,
Ол ойынныңда шолақ жақтарын байқадым.
Көздеріменен алдаусыратар жанар көп.
Тиянақ іздеп аралағанда ел ішін
Қаралайынан тарылып кетті тынысым
Тәрбие тағлым беретініңді көрмедім
Қолды сілтеудің реті келді құрысын
Біріктіретін ақыл, парасат шоқтығын,
Оталдыратын сенім күшінің оттығын,
Сүттей ұйытар ұйғарылым жолдарын
Үйрететұғын десе дегендей жоқ бүгін.
Шашасын тарап бітімге қарап тойынған,
Ағаларымның жүрсем бе деп ем ойында.
Өзгеге ұнау машақаттығын түсіндім
Ендігі жерде сенімсіз барман ойынға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу