Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
90
Бүгінгі дүлей саясат...
Бүгінгі дүлей саясат,
Іштегісін жая сап,
Сұрадың деп бермейді,
Үй сыртынан қала сап.
Жүйріктен озар үздік бар,
Отыратын тұздықтап.
Оны аялай білмесең,
Еріп кетеді мұзға ұқсап.
Ұстанымы маңдай тер,
Айналаңа аңдау бер,
Санаңа сал азырақ,
Арамызда таңдаулы ер.
Жайылған пөстек,алаша.
Көңілім көк шөп аласа,
Беткейге қарай тырмысқан,
Іс-қимылы балаша.
Тартылып бүгін шықпасаң,
Есікті ашар тұтқа қан.
Бір ілінсең тұтылдың.
Деп ойлама ұқсатам.
Бір деңгейде тұрақты.
Жауап ізде сұраққа.
Естімейді деп қалма,
Жүргендерді жырақта.
Саясаттың салқыны,
Алқындырады жалпыны.
Тұжырымыңды қостайды,
Жүргізсең дұрыс талқыны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter