Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
89
Адамдардың өмір сүру бағыты...
Адамдардың өмір сүру бағыты.
Өзгертуге келіспейді қағытып.
Пешенеге жазылғанды көресің
Ісіп-кеппей тиегіңді ағытқын.
Байлығының қызығына түскендер,
Жүргеніне өкінбейді түстенбей.
Бардың жайы айтпасада ілгері,
Қолдағыңды төгіп-шашып ішсеңде
Еркіндігің берілгесін шектен тыс
Қайбіреуге айырмасыз көктем,қыс.
Тамағы тоқ,көйлегі көк жарымжан,
Оңады деп ойламаймын жеткен тұс.
Ел ішінде барлығы да болады.
Біреулердің абыройлы қонағы.
Біреулердің асын ішіп соңында,
Үйі ішін деп жатады тонады.
Тоқетері қызыл келсін,ақ келсін.
Құдайына қарағаны тап келсін.
Көргенсіздің көзінде шел болады
Ешқашанда дей алмайды қақ бөлсін.
Жақсылықта күш қуаты естінің,
Ессіздердің жоқ сияқты ешкімі.
Біреулерде құдай сүйер қылық жоқ.
Адамдарға ұқсас бірақ кескіні.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter