Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
92
Осы менің
Осы менің
Сүйенерім деу үшін.
Үйде,дүзде бұйырғанды жеп ішіп.
Жату емес екі аяқты көтеріп,
Таңдауыңыз келешекте кеңісің.
Дұрысынан
Адамыңды таба біл.
Табылмаса алып жүрген сабағың.
Соламайын басқа арнаға ауысып,
Тықылдатып тобығыңнан қағады.
Жөніменен жең ұшынан жалғасып,
Ақыл кеңес алынғасын алмасып.
Ол ешқашан қателікке бармайды
Түзу түтін шығарғанның алды ашық.
Адамдардың жақындасаң жанына.
Сан өзгеріс енгізесің танымға.
Өзгелерге баға беру арқылы
Ойланасың жеке бастың қамында
Қайбір күні,
Жүргізбейді мұзғалақ.
Былай шықсаң құрғақшылық жүз қадам.
Тосын жағдай қас-қағымға тәуелді.
Өтіп кетсе, бәрі бекер, тұз жала.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter