Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  81


Автор: Серікбай Бердияров

Шынайы сөзіңді сөйлесем...

Шынайы сөзіңді сөйлесем,
Шегініп кетесін кейде сен.
Әңгіме астарын ұқпайтын.
Ыңғайсыз сияқты дөй десем.
Келіссіз болғанмен ұсқының,
Көрмедім жамандық ұшқынын.
Сонда да қарайлай беремін.
Жүретін тұратын тұсты мың.
Дегенде тегінге баламан,
Күтемін өзіңнен аламан.
Тау мүсін жарасым тауып тұр,
Айтады қояды шал адам.
Сабырың дегендей сары алтын,
Нені де бұйырса аларсын.
Жаныңа жақындап келгенге,
Көрсетіп жіберген жол артық.
Тоғайда жүреді мың сан аң,
Бір жары, жараусыз қаусаған.
Бір жары, шыйрылып тұрғанмен
Болуы әбден ғой тау соғар
Жолбарыс, арыстан демейді,
Құдірет қаласа жебейді.
Күшті де, әлсізде қатарда,
Ешкімге үйретпе бөгеуді,
Қоғамды құртады өгейлік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу