Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  120


Автор: Серікбай Бердияров

Зейіндесең дұрыстан көңіл көргек...

Зейіндесең дұрыстан көңіл көргек,
Оңалмайды өзгенің сөзін терген,
Бұйырмыстан асатын дәнеңе жоқ.
Тәжерибе жасақта өзім көрген.
Қаншалықты тұрсада тоңып арқаң,
Силасатын ортаңа оңын барсаң,
Сұранысты толтырып бермегенмен.
Итермейді өңменнен кейін қалқам.
Ашыған ақ болады іртік-іртік,
Көрген адам біледі бір күн іркіп.
Көрегеннің көрмесең қабілетін
Бастағы бақ кетеді құрсын үркіп.
Шүкіршілік қанағат барға мәзір
Бас соғылу әп сәтте жарға барып,
Өлшенбейтін тірлікте ештеме жоқ
Бірақ жүргізбеңіздер арға нарық.
Жүрек тулап соғады жарқабаққа,
Қолдағыңды қәдірле қорға нақта
Ернеуінен асқанды білмегеннен.
Салынады қашанда барға ноқта.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу