Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  244


Автор: Серікбай Бердияров

Тақия, тұмақ, қалпағым,

Тақия, тұмақ, қалпағым,
Сеніміменен алқаның.
Әніне мәңгі айналған,
Сызылтып салар қалқаның.
Жүгері, бидай, тарысын
Таңменен ектік жарысып.
Еңбектен көрдік рахат,
Өздерің ойла арысын
Ашыма, боза ашытып
Ішкенді көрдік тасытып
Бүгінде түгел өтірік,
Нетейін желке қасытып.
Ол кездің Айман-Шолпаны,
Түсінер еді қолқаны,
Айтқанға құлақ түретін,
Қаққыламастан қалтаны.
Жалпыға жауап бермейін.
Жетеді өзім көргенім.
Жетесіздікті жеңдім де,
Жетіспестікті жерледім.
Шоғайна, кірген табаннан.
Шындықты шырқау бағамда.
Шиыршық ата қалады,
Шырт етпе кейбір адамдар.
Төсіңе төсін түйістір,
Кердеңдер аздап иіксең
Әбден төмен түсуі
Болмайды кейде үйітпей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу