Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
108
Билік басы көбірек отырғанды...
Билік басы көбірек отырғанды,
Қатарына жақсының қосу заңды.
Бірақ о да азырақ қазбаласаң,
Тұрғызады орнынан оқырманды.
Сүрінбейтін тұяқ жоқ,жаңылмас жақ,
Көрінгенмен қамалы алынбас боп.
Жеме жемде жүргенде түртінектеп.
Ойламаңыз ештеме табылмас деп.
Болмасамда әйгілі,саясаткер,
Осы жағын қарағын парасатпен
Әр адамның жатады міндетіне,
Ел ісіне қажетке жарасақ деу
Көпшілікке өз-өзін бақылатып,
Көрсетеді ақтығын ақылы асық
Жарамсақтар жасарын жасап алып,
Жол айрықта қалады ақымақсып
Сөз сөйлеуім дауысты бәсеңдетіп,
Көпшілікпен қатынас әсер етті
Қабылдауға тиіссің жақсы-жаман.
Кетпеу керек араға есер өтіп.
Құшақ қайда үнемі досы жайған,
Келіп қалды десеңде осы қайдан
Көргеніме көз ақы сұрамаймын,
Мені оқытты әуелде осылай заң
Әділетке қарасын шошымай жан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter