Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  131


Автор: Серікбай Бердияров

Таудың суын торсығымда тұндырып...

Таудың суын торсығымда тұндырып,
Ішкендейін іздегенім құндылық.
Көңіл түсіп құлағанға құлаймын,
Алдыңдағы ісің болса тыңғылық.
Адамыңды таныстыр да таңдау бер.
Жүре келе болатынды аңдайды ел.
Аламанда мыңның бірі озады,
Мыңның бірі аталады сандалкөк.
Сіз бізбенен көңілімді басамын,
Қарапайым дұрыс жауап жасағын.
Ол тимесе мен тиеді демеңдер,
Жамандықтан ат тон алып қашамын.
Тіршілікте тең адамның үлесі,
Кездесетін кей жағдайға күлесін.
Ала аяқтар алдыңызды кескестеп,
Іс түскеннің қатырады сілесін.
Асау ғасыр күндерменен алмасып,
Соңыңызда бірде алда жол басы.
Бір қолымен көтергенін бір жерде,
Көтере алмай қалжырайды қолдасып.
Жаның шығып жатқанымен шыңғырып,
Әккілердің қабат-қабат шынжыры.
Қараниет үстінен жеп халықтың,
Қол тигізбей күйленуде, мыңғырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу