Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  110


Автор: Серікбай Бердияров

Діттеген жерін алтын сақамен атқылап...

Діттеген жерін алтын сақамен атқылап,
Билік иесін арбап алдайтын тақ құмар.
Табаны бүрсіз орнында тұра алмайтын,
Жалпақбайларды кезеңі келді қаққылар.
Құдай бермеген арғы жағында жарымды,
Етем деу артық қоғамдасынан қарымды.
Өмір бойына оңды-солына шашқанмен,
Тіреу болмайсын жинағыңдағы малыңды.
Болмағанында өзіндік мені болу шарт.
Адами заңды заманасымен шолу шарт.
Құры алқыныс тосқауыл бола алмайды,
Білігіңменен білмегеніңнен қолың тарт.
Жасалған жайды тіліңе тиек етумен,
Әрбір саланы игеру керек бетіңмен.
Тарихымызда оқып отырсаң тұлғалар,
Еңбегіменен біліміменен жетілген.
Жарамсақтықпен ілгерілеген көрмедім,
Мултикте мысық тышқанекенің ермегі.
Жолыңды кесіп аздаған уақыт ұтпаса,
Іскер адамның өзгеше болмақ өрнегі.
Қытымыр қыстай беті әлпеті бозарған,
Жапалақтарға тоздырдым жүйке жазарда.
Жүрегім соқты, жүйке тітіреп қозғалды,
Бітті-ау әйтеуір ой құрылымы азардан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу