Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  105


Автор: Серікбай Бердияров

Біреу келіп кетеді...

Біреу келіп кетеді,
Арасында жетеді,
Тығыншықтай, торсықтай,
Жазық маңдай, шекелі.
Барлығының есебі,
Болса қойса еселі,
Арасынан шығады
Маңдай соры бес елі.
Шартарап неше бөлмелі,
Босаң қатаң белбеуі,
Анық, қанық айтуға,
Көтермейді деңгейім.
Құдайы көп қонағым,
Ыстықтаймын, тоңамын,
Кемістікті толтырам,
Артығыңды жонамын.
Ағайын, тума, тумалас,
Айқай-ұйқай, шу-талас,
Кайбіріне шаршайсын,
Шүйделікті уқалап.
Көрдім жақсы-жаманды,
Қуаттаңдар болғанды.
Артыңа түсіп қуынбас,
Жасаған көрсе жобаңды.
Жаныма жайлап жақында,
Адамның жүрсең сапында,
Берерімде мерейің,
Салғыштай алсаң ақылға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу