Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  80


Автор: Серікбай Бердияров

Күнделікті көріп теле хабарын...

Күнделікті көріп теле хабарын,
АҚШ-тағы жарылысқа қабарып.
Батқан күндей құлазыды көңілім,
Жаным жанды, түсім кетті бозарып.
Бұл зұлматты қалай етті қорықпай,
Қалай ғана адам жаннан торыққан.
Қалай ғана өтті арамза амалы,
Өткізгенім әлі есімде қорып таң.
Мүмкін емес жетістіру тілменен,
Өліміңді қалай көзге ілмеген.
Әсте онда жүрек орны жоқ болар,
Көрініске әлі күнге зіл денем.
Ауғаныстан, Палестина, Чечня,
Бала-шаға, халықыңды есіңе ал.
Бұрысыңды дұрысыңа бағытта,
Елге керек бейбітшілік, тыныштық!
Не істейін зығырданың қайнайды,
Құйтырқылар мысық-тышқан ойнайды.
Дұрысына жүргізбесең саясат,
Кетулері әп сәтте екен майданғып.
Әлін білмес әлектейді өз-өзін,
Қоюына тойып алып көженің.
Үйде отырып сырттың жайын сұрайды,
Дейтін сөзі есімде әлі әжемнің.
Телехабар шындығыңмен жанданам,
Дегенімен аулақ жүрсін оңбаған,
Жақсылыққа көңіл көптеу бөлінсін,
Неге білмен тез жетеді соңғы амал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу