Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  261


Автор: Серікбай Бердияров

Еңбекпенен теңелгесін күшіміз...

Еңбекпенен теңелгесін күшіміз,
Оңға басып үйлесілді ісіміз.
Қолдағыны мейілінше қадірлеп,
Келгендерге дейтін болдық түсіңіз.
Көрсеткесін үлкендерге қошемет,
Біздерге де басын иді нешелер,
Дүние екен бұл пәниің кезекті,
Бүгін жақсы боп келеді кешеден.
Алдымдағы жинақтаған ұпайым,
Орынында тұрғандарым құтайып,
Ортадағы жүріс тұрыс бағытын,
Білесіңіз қатынастан сыпайы.
Әрекеттің қайбіріне бықыған,
Өз затымдай сонадайдан қысылам,
Қасақана шыбын-шіркей өсіріп,
Шығарардай қарамасам құтыдан.
Отырам да әр салада шашырап,
Зер саламын кездеріме жасырақ,
Себеп ақыл орынына келгенмен,
Істің жайы бұрынғыдан босырақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу