Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
318
Көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы...
Көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы,
Арттырады күш-қуаттың қарқынын.
Шетсіз-шексіз ізденіске тәуелді,
Ар-ұят пен абыройдың бар құны.
Көргендінің алдындағы межесін,
Құрылымдық ыңғайынан сезесін.
Құмырсқаша қажымайтын қимылдан
Ажыратқан ішілетін көжесін.
Дәрменсіздік өсірмейді өрені,
Ит жеккеннен іздемейді зерені.
Сендіреді сенімімен үмітін.
Түйініне жүрілмейді төрелік.
Білімділік біліктілік жөнінде,
Өсиетке жүгінемін көбінде.
Асуларын алу үшін қаншалар,
Шабуылдап талай жерде шегінген.
Ұстанымы құзар шыңның басында,
Түскен жерін шоқ ететін жасындай.
Қабілетті біреу біліп білмейді,
Әңгіменің түп төркіні осында.
Еңбекпенен әлемдене беретін
Ұстанымның іздеушімін дерегін.
Барым-жоғым алдарыңда жайылған,
Қандай екен деп жүрмеңдер қорегі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter