Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
96
Күндерінде тағдырдың тәлкегінен...
Күндерінде тағдырдың тәлкегінен,
Сөз есіттім болмасқа әлдекімнен.
Шықпаған жан көресі көреді екен,
Оны аңдадым кезімде әлге мінген.
Басты жайлар десекте өтті, кетті,
Саралаудың мезгілі енді жетті.
Қылтанақтың қадалған орыны бар
Тақамағын тақағын бетке бетті.
Қоламтасын қолқаның біріктіріп,
Сезіміммен сенімге кіріп жүріп.
Ем іздеумен келемін айналама,
Міндеттейін мәңгілік түрік жүру.
Мезгілінде шалдығып шаршасамда,
Көмілсемде тыстағы барша шаңға.
Адалдықтан қиыстап кетпегенім,
Өмірімді қалғандай тарта сақтап.
Соның өзі көп затты аңғартады,
Әттеген-ай адамды таңдар шағың.
Мыстандықтың құрбаны болғанына
Тағдырымның алдында сан шаршадым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter