Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  151


Автор: Серікбай Бердияров

Әйелдерге құдайындай табынып...

Әйелдерге құдайындай табынып,
Көздеріне көрінбесе сағынып.
Тәулігіне кесте жасап жүргеннің,
Кемімейтін байқап тұрсам ағымы.
Сезінгенім өзін -өзі басқарған,
Сенімімен үлгі болған жастарға.
Үлкен кіші тірегіміз дегенде,
Ұғынғанға үңілетін астар бар.
Еңбекте де әйел қолы арқылы,
Өндірістің артты дейді қарқыны.
Мүмкіндікті мұқтаждықты өтеуде,
Аспандады дейді тіптен парқымыз.
Әйел ана !
Әйел асқан данұшпан!
Күндеріңді еске алшы танысқан.
Жүрегіңді елжіретер құдірет.
Сыр шертеді дейді орап алыстан.
Біршілігі тірлігі артқан шаңырақ,
Кетуінде жетуінде тамыр ап.
Басты тұлға дейді тіптен әйелдер,
Босаңсуды қаламаймын қаңырап.
Әйел қуат жанымыздың жалауы,
Болып жатса егер менің қалауым,
Өмірімді әйелімнен бұрын ал.
Деген сөзді мен де көрдім қолайлы,
Иі жұмсақ неге деме молайды,
Осыдан ақ біл әйелдің қалайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу