Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
185
Сарыарқаның самалындай-сары қыз...
Сарыарқаның самалындай-сары қыз,
Сен екенсін бәріміздің дәріміз.
Жан сарайы қауызынан жарылып,
Жайнап-күліп,жаңа кірді сәніміз.
Бұйырар деп қайсымызға бір тал гүл,
Әлі талай әнге қосып шырқармын.
Кербез басып өте шықтың жанымнан,
Тура сөзден келді,ме, әлде бұлтарғың.
Көп ішінен дара шыққан қалқам-ай,
Неге маған көңіл күйің әрқалай?
Тілегіме тіл бітірсең нең кетер,
Тұрған шақта бал қызығың тарқамай?
Сары арқаның самалындай сары қыз,
Сары қыздан дәмеліміз бәріміз.
“Менікі”деп,”сенікі” деп жүргенде,
Қолдан ұшып кетпесе екен бағымыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter