Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
124
НАЗ
Қолаң шашыңа қарайлап,
Баласың дедім арайлы-ақ.
Мойынды жапқан жағада,
Пайымдауымша бар айла.
Қарақат көзің күлімдеп,
Қиылған қасың тілімдей,
Жанарыңыздың мөлтілі,
Кірпікке жатыр ілінбей.
Жазықтау келген маңдайдан,
Бет әлпетіңіз айналған.
Пістедей мұрын жарасып,
Біріне бірі байланған.
Ерініңіздің дірілі,
Көңілмен өтті жүріліп.
Тіліңе тілі тигеннің,
Өлгені келер тіріліп.
Иектен төмен ақтамақ,
Жатырмын барды жаттап-ап.
Есітіп құлақ қалғанын,
Санаға әкеп сақтамақ.
Кергілеп анар кеудені,
Көз ақы дердей көргенің,
Қыпша беліне келгенде,
Шалқалай түспек төрдегі.
Аяғы дерсін карандаш,
Қайда кеттіңдер арандап,
Жанына жақындамаңдар,
Жігіт болсаңыз сараңдау.
Қалыпқа түскен бітімі,
Көріпті әбден күтімін,
Аппақ үміті ақталсын,
Түп түзу шығып түтіні.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter