Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  108


Автор: Серікбай Бердияров

Үлкен-кіші қызметтер атқарған...

Үлкен-кіші қызметтер атқарған,
Достарымның әрекеті жатқа арман.
Аузын ашса көмекейі көрінген,
Көрініске таңданбағын ақ жарма.
Алай дүлей қоздырғанда жаныңды,
Бар жағынан өзім үшін нанымды.
Білігіне өзім әсте ризамын,
Әурелігім содан болар жыр жазып.
Үйде дүзде ұстанымның қалыбы,
Тұрған гүлзар жаныңызда ырғалып.
Тиянағын тілге тиек етемін,
Әрбір жерде бола берсін мекені.
Достарымды өте жақсы көремін,
Себебі ол іс иесі өрелі.
Күні түні ете алмайды кедергі,
Ауыл аймақ жақсы біледі дерегін.
Орындалған дос туралы арманым,
Енді өзің бағамдарсын ар жағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу