Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  147


Автор: Серікбай Бердияров

Көпшіліктің ойыменен арбасып...

Көпшіліктің ойыменен арбасып,
Сүйреледім сайландырып арбасын.
Жеңіл өткел аралықта болғанмен,
Кезеңің көп көтеретін қорғасын.
Қажетімді тапсамменен тереңнен
Бірде ашық ақтарылдым зерендей
Бір жақсысы шеттетіліп қалмадым,
Көрер көзге есіл еңбек еленбей
Мұқтажымды өтеп жатты еккенім,
Есептемен құмға сіңіп кеткенін.
Ойда жоқта көкіректі соққылап,
Тыңдайсыңыз дегенім жоқ тек мені.
Пендешілік адамдардан қалар ма,
Ыржалақтап жақындайды аларда.
Кетерінде әжуалап күледі,
Қандай амал жасайсыңыз оларға.
Түсірілмей күнделіктен келесі,
Қайбіреудің айдарынан жел есті.
Барға мәзір шүкіршілік жасамай,
Ашкөзденген пенделерге өлесің.
«Сабыр түбі сары алтын» деп алып,
Әңгімеге тағы кетем кең алыс.
Мағыналы мағынасыз деген жоқ,
Айтылғаннан кейде қалам ем алып.
Езу тартар арғымаққа мінгендер,
Дүниені тапқаныңмен мың жерден.
Сені мақтап марапаттай алмаймын
Өмір өзі анықтайды кім зергер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу