Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  150


Автор: Серікбай Бердияров

Адам болып қалу үшін өмірде...

Адам болып қалу үшін өмірде,
Ата-бабам мекендеген өңірде.
Отын жағып, шаруасын тындырып,
Тәртібімен қаруландым темірдей.
Кезіккенге үлкен-кіші деместен
Болса болсын тракторист шенеунік.
Назарыма келе қалса тұспа-тұс,
Басымды идім айтқанына егеспей.
Сара жолда білігімді сарықтым,
Не жасадың айтшы кәне қарқ қып
Дегендерге қарсыласар қауқар жоқ,
Қақпақ емен ауызына халықтың.
Таңданбаңыз табиғатым болмысым,
Дастархандас бола қалсаң жол түсіп,
Өз қолымда жеке бастың билігі,
Қарсылауға әбден болад қол қысып.
Азды, көпті қағидамда адами,
Бірде ілгері, бірде кейін қадамым.
Соның өзі менің бағым бақытым
Түсінбеген бола алмайды одағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу