Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  90


Автор: Серікбай Бердияров

Бұл өлеңде!

Бұл өлеңде!
Гүл жайнаған өңірім.
Бұл өлеңде!
Өтті,кетті өмірім.
Бұл өлеңде!
Балауса,бал жастығым.
Бұл өлеңде!
Жетістігім ең ірі.
Бұл өлеңде!
Ашық-жарқын көңілім.
Бұл өлеңде!
Жортуылым желуім.
Бұл өлеңде!
Бала-қызым жолдасым.
Бала,күйеу,қолымдағы келінім.
Бұл өлеңде!
Қызметім күнделік.
Бұл өлеңде!
Көлік етіп мінгенім.
Бұл өлеңде!
Жүрісім мен тұрысым.
Ішкі-сыртқы,өзгерістер күнбе-күн.
Бұл өлеңде!
Ар-ұятым,намысым.
Бұл өлеңде!
Жеңіс,жеміс,табысым.
Бұл өлеңде!
Талас-тартыс,жеңіліс.
Бұл өлеңде,қалған досым танысып.
Ағайындар,тумаластар,туыстар.
Ілінгенді қыстым,аштым уыста.
Тиесіні мойыныммен көтердім.
Түсінесін бар жоғымды ұғыссаң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу