Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  97


Автор: Серікбай Бердияров

Таңырқан ба...

Таңырқан ба,
Өтілген тағдырыма.
Әкесінен байлығы қалдырылған,
Бай баласы емеспін шіренетін
Жағда..аят жапалақ жарға ұрылған.
Бірі жетсе, бірісі жетіспеді
Еске алғанда тітіреп өтіскенді
Өзі жұқа жүйкені тоздырамын,
Көргеніңе құлық жоқ бет іскенді.
Көздің майы таусылды қарағыштап,
Кездесетін пысықай орағыштар
Ақтығыма кезінде күйе жағып,
Қалбақтатты, қаңғалақ қара құсша.
Арбакештей бұратын делбесімен,
Әмір ете алмайсын, елге түгел.
Іштегіден сыр алу ақырзаман
Төсегенің көк тиын жерге кілем.
Толқын ұрып жатқанда жағалауда,
Шама шарқы келместен сабалауға.
Қайырлаған балықтай тыпырладым,
Айқасатын ол кезде шама қайда.
Дайын асқа, тік қасық жымысқылар,
Ойланбасаң орныңнан ығыстырар
Күйзелгенде дертіме дауа таппай,
Ауыз аштым,көз жұмдым, күн ыссыда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу