Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  107


Автор: Серікбай Бердияров

Өлеңдерім жазылғасын жалпыға...

Өлеңдерім жазылғасын жалпыға,
Сан қайтара түсіремін талқыға.
Сонан кейін көпшілікке ұсынам,
Сеп етпесе неге керек халқыма.
Әрбір адам өз бетінше ғұлама,
Арманына көңіл майын шылаған.
Кәтелігін мойындайтын ілуде,
Қанша адам осы арада жылаған.
Қайбіреудің болмысына сұғынып,
Ажыратып айырасын ұғымын.
Ғайып тайып мүмкіндігі табылса,
Басыңызды ауыртпайды шығыны.
Көз алдыңда өмір сүру додасы,
Үйренгесін жұлқыласу жобасын.
Айла асырып жүз қаралы адамнан,
Көкпарыңды мәреге әкеп соғасын.
Анық, қанық өлшенеді жеткенмен,
Тағдырыңыз ойлағаннан өктемдеу.
Ұстараның қылшылдайды жүзіндей,
Не сұрайсың ауыз тимей кеткеннен.
Қуырады, жүгеріден бадырақ
Жүруіңіз мәңгі емес жадырап
Кезегінде тыңдамаудан айтқанды,
Қолдағыдан қалған қанша ажырап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу