Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
505
Өмірден алған тәрбие...
Өмірден алған тәрбие,
Түп тамыры әріде.
Ата-баба нақылы,
Ортақ екен бәріне.
Ерте тұрып, кеш жаттым.
Алаламастан еш затты,
Қажетімді іздеумен,
Алпыс төртіңе кеп қаппын.
Қалыс қалдым бір жерде,
Тұрғаннанда іргемде
Болашақты болжасаң,
Демеу екен жүргенде.
Үндемедім, үндедім
Тағасыңыз кімге мін.
Шаң қаптыра береді,
Құйтырқылардың мінгені.
Күлсең күлің кәріге,
Барғыламастан әріге.
Күш, қуаты олардың
Ішілер түрлі дәріде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter