Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  195


Автор: Серікбай Бердияров

Көрмегенмен ертерек егін салып...

Көрмегенмен ертерек егін салып,
Бүгіндері ауламда көгім қалың.
Диханшылық маманы болмасам да,
Білдірейін икемім ебім барын.
Шаруадан қалмаппын құралақан,
Біліктінің ісіне құлақ асам.
Бір адамдай егінші болатынмын,
Зәуіменен жұмысқа тұра қалсам.
Күндерменен үйреніп кететінмін,
Жабардаймын ұясын кекесіннің.
Қажеттілік болғанда емтиханнан,
Көпшілікпен қатарлас өтетінмін.
Гүл иіскесем сезімім оянады,
Неше саққа жүгіртем ой ананы.
Егістікке жасайтын адам керек.
Басқа жақта орыны бояманың.
Болмағанмен кәсіби мамандығым,
Қандай іске жекпеңдер табандымын.
Жеке дара өзіндік мақсатымнан,
Жоғарырақ қойғанмын қоғам жүгін.
Шығып келе жатасыз көктөбеге,
Түсіп келе жатасыз көктөбеден,
Таза тұнба шалғынды басасыңыз,
Темір таға қақтырған өкшеменен.
Жайлар көп ау ақылмен екшемеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу