Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  101


Автор: Серікбай Бердияров

Ассалаумаалейком аталар!

Ассалаумаалейком аталар!
Шақырдым сыйлап батаға,
Қабыл болсын айтарсыз,
Дастарханыма ақ адал.
Барымнан ала беріңдер,
Алдыңыздағы көрінген.
Еңбекпен тапқан табысым,
Маңдайдың тері төгілген.
Келбетім әрім бозбала,
Арманым асқақ қозғаған.
Өліге құран шығарып,
Көңілді басу азғана.
Қолдағы осы ілінген,
Май тамызайын тілімнен.
Өлінің ризашылығы,
Менің де барым біліңдер.
Әр күнім мұндай демеймін,
Қайбірін шектеп бөгеймін.
Ата-анадан туылып,
Өстім, өндім, көбейдім.
Үлкенді, кіші салмақтым,
Шақырғанымнан қалмапсын.
Осы жасыма келгенше,
Рұқсатсыз түйір алмаппын.
Періште жүзбен кездесіп,
Ауыл аймақпен сөз кесіп.
Деніңе саулық сұраймын,
Сатылып жатыр өзгесі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу