Өлеңдер ✍️
Ақсақалдар аман-саулық сұрасып..
Ақсақалдар аман-саулық сұрасып,
Қай аймақта, қай ауылда тұрасың
Руыңмен, жеті атаңды жіктеші,
Бұл дейтінді аталардың мұрасы
Бір кіндіктен тумаласың неше үй,
Айналаңда боп тұра ма кеңесу.
Жора-жолдас, достарыңды аташы,
Ішемісіз дейтін бірге көже-су.
Тірлігіңде көпке қайыр еттің бе?
Ерікіңмен бір тал шыбық ектің бе?
Отырғанша, қалғи отыр деген бар,
Қосыл енді дейтін еді екпінге.
Неге олай, неге бұлай жүресің
Еліңдегі азаматтық үлесің.
Атап жібер әуселеңді білейін,
Дейтін еді қалай өмір сүресің,
Ыңғай берсең көп әңгіме жалғасып,
Сан салада тақырыбы алмасып.
Кетер еді ақсақалдар даурығып,
Есебіне кірістіріп жан басын.
Тапшыланып айла амал мұндайда,
Көндігесін қалыптасып ыңғайға.
Ынты-шынты білгісі кеп тұратын,
Зауқы соқпай отырса да тыңдауға.
Тақырыбым базбіреуге қолжаулық,
Базбіреуге ата мұра мол байлық.
Білгішсіну тұрғысында артықтау,
Ескерерсін, түп тамырлы болжауды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter