Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  213


Автор: Серікбай Бердияров

АУЫЛ ҚАРТТАРЫ

Қолы аяғы күстеленген қара шал,
Адамилық тұрғысынан қарасам.
Жылдар ине жасуынан өтіпті,
Содан еңбек тауқыметін жаратам.
Бала-шаға келін кепшік деместен,
Ауылдағы бір адаммен егеспей.
Шаруасына бас көз бопты үнемі,
Арқау болған осы жері кеңеске.
Ұста бопты егін егіп, мал жайғап,
Адалдығы ел арасы талданған.
Адалдығын тазалығын ешкімде,
Айта алмайды жайбарақат толғанбай.
Қалғанында өлеріне аз ақ күн,
Асан атам сұрағандай азаттық.
Елі жұртын аралап кеп жайымен,
Күтініпті демі біткен сағатты.
Оны білдік сапарында мәңгілік,
Садақада қуатталған әңгіме.
Елді түгел келбетіне қаратты,
Елжіреді қаралайын жан жүйе.
Ештемемен таласы жоқ қара шал,
Ауыл елде болғандайын дара шам.
Кейуананы елі жұрты ескеріп,
Қонағында ұйықтамады ала таң.
Дәл осындай жасалмайды қаласаң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу