Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
131
Жастарымыз жасымызға ұласып...
Жастарымыз жасымызға ұласып,
Үлкейгесін етімізді бір асым.
Абыр-сабыр айналамен бөлісіп
Отырғанды ұнатамыз расым.
Тәрбиемде өсті, өнді ұрпағым
Бір баламды өлтіремін құртамын
Дейтін едім о да тұрды аяққа,
Енді аттаса ескертеді бір қадым.
Әрбірінің үйі,жайы наны бар
Жамандамас балаларды таныған.
Оқуларын ойдағыдай бітірді
Тұрып алып,іс жасайды таңынан
Қыздардың да жаман емес жағдайы
Күйеу балдар шүкіршілік аңдауым
Мойыныма мініп алып жиендер
Тигізеді маңдайыма маңдайын
Немеренің барлығы да қолымда,
Домаланып жатқаны сол жолымда
Бәйек болып дымым қалмай жүгірем,
Себебі бар ойлап тұрсам оныңда.
Кемпіріме келін берген қосақтап,
Қабаттасып таласады ошаққа.
Осыларды жетістік деп түсініп,
Мінгендейін жайланамын қос атқа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter