Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
283
Ағайын,туыс...
Ағайын,туыс,
Жақын да жуық айнала,
Дегбірің кеткен мынауың деме қай бала.
Ағасы анау ұлыма алғыс жаудырғын,
Апасы ана ақ келініңді аймала!
Немере келді!
Азан шақыр да қой атын,
Көңілің қайда?
Соғымың қайда соятын?!
Қанатын жазып шырқамас көкке қай әнші,
Өнерін бұлдап,өлеңін жазбас қай ақын?!
Қолыма қонып,
Жолым да болып тілегім,
Аузымнан шығып кетпесе екен жүрегім!
Толысып тұрған Ай ма екен,әлде,күн бе екен,
Бәрінен бұрын іреңін айтсай,іреңін!
Тұрғандай басым қауызына сыймай тарының,
“Келдің бе-деймін,-жалғасым,жаным,жарығым..”
Сүйінші саған,сүйінші саған,ел-жұртым!
Сүйінші саған,сүйінші саған,Тәңірім!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter