Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  88


Автор: Серікбай Бердияров

О,туған жер, шаттығы...

О,туған жер, шаттығым
Сөзіме сенсең нақтылы,
Ауыл ел ықылас білдірді,
Күтпеп ем шыным тап мұны.
Көңілдерімен ас тосып,
Уақытты бөліп бас қосып.
Жүргендеріңді көргенде,
Керек ед дедім нақ осы.
Сәлемімді алған ағаның,
Сәлемімді алған ананың,
Алдына келіп бас иіп,
Босап та қалдым шамалы.
Киесі ме екен жерімнің,
Тарқатқандаймын шерімді.
Періште мінез аршылып,
Ащысы шықты терімнің.
Шым -шытырық шимайдан,
Қыртыс әжімдер жиналған,
Өзінен өзі жазылып,
Көкірек кердім қиналмай.
Сағынып келген шағымда,
Көңілді бастым қабынған.
Ел жұртты көрдім еңселі
Қалмаған екен ағымнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу