Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
102
Ауылым- асыл қазынам.
Ауылым- асыл қазынам.
Берекет тауып азынан.
Есейген балғын балаңа,
Көп екен айтар базына.
Гүліңді теріп қырыңнан.
Көретін көзім қырымнан.
Қырғидай тиіп қызыңа
Болмасқа талай ұрынғам.
Ауаңмен терең тыныстап,
Тереңдей түстік тұныққа.
Болды арада кезеңдер,
Сылтау іздейтін сыныққа.
Қозы лақты да қайырдық,
Тәрбиемізбен байырғы,
Мемлекетті де ойладық,
Бүгінгіміздей зайырлы.
Көк аспанға да табындық,
Бойтұмарды да тағындық,
Қырында көкке аунаған
Қайтаршы жастық шағымды.
Ауылдың қара баласы,
Болмайтын затқа таласып.
Босқа жүр деген пікірді
Санаңнан сарқып аласын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter