Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
119
СУҒА КЕЛГЕН АҚ ҚАЙЫҢ...
Сары қыздың көзiнде,
Сағыныш бар сарғайған.
Ақ көйлегiн жел үрлеп,
Толқын сипар шалғайдан.
Сары тасқа соғылып,
Күрсiнедi көк теңiз.
Ақ қайыңды жақтардан,
Келiп пе едiң көпке,қыз!..
Талшыбығы тауланған,
Келiп пе едiң таулардан!
Есен ұлы мен болам,
Есениндi аударған.
Суға келген,Ақ қайың,
Сенi есiмде сақтайын.
Көрмегенмен орманды,
Көрiп едiм тақтайын!..
Тамыры бар тастың да,
Аяғыңды бас құмға:
Көк теңiздiң күмбезi,
Қарабарақ астында...
Мамыражай мекенде,
Мамырлаған қазақпыз.
Табытыңнан бөтенге,
Тамырлаған қазақпыз.
Таскөмiрдiң шоғымыз,
Тас үстiнде гүрлеген...
(Менi қайдан түсiнсiн,
ТӨЛЕГЕНДI бiлмеген!..)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter