Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  63


Автор: Қалбай Әбдіраманов

МЕН БҮГIН ЖЫРЛАМАДЫМ...

Мен бүгiн жырламадым,
Бүлiндi өлеңдерiм.
Жанымды тырналадың,
Мен бүгiн төмендемiн.
Құрдымның төрiндемiн,
Боранның өрiндемiн.
Бүркiттiң тырнағында,
Қорқыттың көрiндемiн!
Тынымсыз жүрегiмдi,
Нелiктен дiрiлдеттiң.
Кешiгiп келдiң дағы,
Уақытынан бұрын кеттiң.
Қойдың да дыңғырлатып,
Айтпадың әндерiңдi.
Құлаққа шалдырдың да,
Құрыттың дәрменiмдi.
Келеңсiз iстерiңдi,
Қалайша мақұлдаймын.
Қыссам да тiстерiмдi,
Аязда сақылдаймын.
Ақ қарда аунап келем,
Жас болып саулап келем.
Мен сенен ұзақта өлем,
Мен сенен аулақта өлем!..
Ер жiгiт қайысқанда,
Көздерiн жастамайды.-
Жақсы ит өлiмтiгiн,
Жақынға тастамайды!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу