Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  291


Автор: Оңайгүл Тұржан

ТОҚАБАЙ ҚҰРМАШ

Талқаны шыққыр тас түнді,
Жарық күн,
кел де пәршала!
Өштескен қанша қашқынды,
Өлтірдің, Кеңес, ал, сана!
Біз еідк қалған солардан,
Бітіспес оймен – түбі игі.
Солаврдан қалған құба арлан,
Иесін жоқтап ұлиды.
Дабыраң қайда?
Кеудесі керік ту қайда –
қып-қызыл сөзбен желбеңдер?
Түсіңде сені
Ұрандап тұра қумай ма,
Тоқабай Құрмаш өлген жер?
Қанша арыс кетті ақтаңгер,
Айтшы бір жауап,
қайғыдан беті қатқан жер.
Қызыл әскерге таба қылман деп,
Қаңғабай
Құрмаштай досын
өз қолыменен атқан жер.
Өз қолыменен...
...Құрмаштың өзі бұйырды,
Қызыл әскерің таң қалып,
шошына тілден тиылды.
Қара жерге де,
саф ауаға да сіңе алмай,
сол оқтың даусы,
кезіп жүр әлі қиырды.
Кезіп жүр әлі.
Қабылдамады дала, бел,
Тауға да барып жалынып көрді:
- Ала гөр!
Жетпіс жыл өтті,
Маңғыстау деген далада,
доп қылып енді,
теуіп жүр оны бала-жел.
Мәрттігіңді сол
айқай сап тұрып айтуға,
жүріп кете алмай тас жатыр,
кеуіп кете алмай жас та тұр,
қаһарлы Кеңес заңына,
қырық кісімен
қарсы да шапқан хас батыр!
Ез емес еді ол,
Үрке қашатын үргелек,
Соны айтамын деп,
жығылып-тұрып,
жете алмай жүрген бір дерек,
жеттің-ау ақыр,
шылбырыңды ұстап қолыңа,
мына заманға,
отырған қасын сүрмелеп.
Шылбырыңды ұстап..
Жирен ат қайда қалды екен?
Құшақтап оны жылар ед мына зар мекен.
«Шұқыр ойдағы»
Құрмаштың қара бейіті,
қалқайтып қана,
қандай арыстар салды екен?
Желмая болып желген күн,
Есіктен кіріп, тағы да, міне, төрге ендің.
Құрмаш батырың –
құба арлан ерткен
ері еді нағыз ерлердің.
Жеткен күн бүгін
таң болып атып түн соңы,
Ояныңдаршы, ұйықтап бір кеткен үн соны.
...Баяғы оқ даусы,
Қаңғып жүр әлі өле алмай,
Мәрттікке қарап оқ атпас болар,
Біл соны!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу