Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
123
Он көшіп, он қонады аспан-құда...
Он көшіп, он қонады аспан-құда,
Шақырды таулар желді бастаңғыға.
әр дыбысқа елеңдеп нені іздейді,
даланы аралаған тастар мына?
Көбелектер гүл деген шоқты айналып,
Ақ бұлақтар өз өзін сақтайды ағып.
Қара жол неге кері қайтпай қалды,
Топ қамысқа өзі өзін мақтай барып?
Өзін өзі мақтауға жарады ма?
Еш дерек айтпады қыр самалы да.
Орыс болсам деп жүрген қазақтардай,
Қамыс болып кетуді қалады ма?
Қамыс оны ала ма қатарына,
Қамыстың табанында жатады да.
Қамыс емес,
қара жолдың жолдығы керек еді,
Бізге тек осынысы батады да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter