Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  115


Автор: Оңайгүл Тұржан

Көкте жүзге жалқын айды кешемін...

Көкте жүзге жалқын айды кешемін,
Ернеуінде қалқып тұрды ол көшенің,
Жұлдыз көкте жарқырайды-ай,
Білмейді-ау,
Жанып-жанып таң атқанда өшерін.
Көше кетіп бара жатыр жарқылдап,
Сен де өтерсің ой-санада даусың қап.
Қалғып кетті күні бойы ермек қып,
Кептерлерді жүз санайтын салқын бақ.
Жұлдызды аспан!
Жұлдыз қандай көп еді!
Қап-қара түн қызыл гүлге төнеді.
Ойда-жоқта табылатын шумақтай,
Трамвайлар түннен шыға келеді.
Шумақ іздеп шыққан жоқ ем көшеге,
Бүгін бір сөз айтпақ едім кешеге.
Айтпақ едім...
Ешнәрсе де айта алмай,
Келем тағы,
Жылдар өтті нешеме.
Жылдар жылжып солай кете бермек пе?
өткенін тек жұлдызды түн көрмек пе?
Бір сөз айтсам деген едім...
әттең, ол
жатыр әлі тербетіліп жөргекте.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу