Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  98


Автор: Оңайгүл Тұржан

САҒАН АЙТАМ

Аққуы жоқ көлдердің мұңы басым,.
Мұңы басым ақынның жыры басым.
Менің мынау нәзіктеу жырларымды,
Жүрегіңмен ұқсаң тек сен ұғасың.
Айтам саған бір асыл сырым барын,
сырым барын,
өзіндік үнім барын.
Кішірейгім келсе егер жүрегіммен,
Пәстігі деп сен мұны ұғынбағын.
Нәзік сезім нәзіктеу ашып бүрін,
Нұрға толды жүрегім тасып бүгін.
Сүю жайлы бір ауыз айта алмасам –
Ол саған ғашықтығым.
Осыны айтып мен саған еркелейін,
Еркелейін,
мен тіпті мақтанайын,
Соққан самал секілді тоқтамайын.
Саған қарай жүгірген толқын едім,
саған барып соғылып,
жоқ болайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу