Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
111
ШІЛДЕ
Шыжыған шілде-ай, көлеңкеге кел,
Желпиін көңіл желімен.
Жол қарап бізге сонау төбе,бел,
Сағымға батып еріген.
Аязды қыс боп жолықты күндер,
Сағыныш сонда құтқарған.
Алыста қалған көрікті күндер,
Көйлегін киіп шықты алдан.
Деміңде сенің өсіп едім мен,
Қарсы алды сен боп шаттығым.
Жалаңаяқ аптап кешіп едім мен,
Құмыңа сіңіп кетті мұң.
Ей, шілде,
Ыстық самалыңды іштім,
Жамылайын аптап-торғынды.
...жалғандық атты жабағы-қыстың,
Долы күлкісі тоңдырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter