Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
89
Бұталар
Бұталар,
Жолаушыға жол қарадың,
Қайсар ері осылар шөл даланың.
Соққан желмен қосылып,
Бабалардың,
Айқайлап айтады есте қалған әнін.
Ескі жыр тұрады алда көне ішікті,
Кербез таудан кер бұлақ ере шықты.
Кәрі таулар айтады биіктігін,
Біздің жақта тау дейді төбешікті.
Тіршіліктің жеңем деп жалғандығын,
Үйіліп,
Төбе болып қалған мұңың.
Тау дейміз біздер оны биіктетіп,
Бұтаның да жыр етіп ормандығын.
Бұл дала – ешкімнің де таласы емес,
Аласаны қамайтын қорасы емес.
Төбе бол, тау бол баба даласында,
Ешкім де ешкімдерден аласа емес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter